img 2639

 

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев және «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ №68 "Шелек" 220/110/35/10кВ қосалқы стансасының жұмысымен танысты.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларына электр энергиясын беру мен таратуды жүзеге асыратын ірі электр энергетикалық компания. 2007-2018 жылдары "АЖК" АҚ ҚР Үкіметінің, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 38 қосалқы станса салды және қайта жаңартты. Қуаттың жалпы өсімін 3500 МВА-дан асырды. Тұтынушыларға энергия объектілеріне қосылуға техникалық шарттарды беруді шектеусіз жүзеге асыруда. 2018-2020 жж. көрсеткіші бойынша жаңа объектілерді қосуға 18 295 техникалық шарт берген.

Компанияның атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталған «АЖК» АҚ Басқарма төрағасы Мұхит Үмбетов болашақта №68 "Шелек" 220/110/35/10кВ қосалқы стансасына қосылатын «Көкпек» 220/110/10кВ қосалқы стансасының жоспарымен де таныстырып өтті.

Нұрлан Ноғаев әңгіме барысында атқарылған ауқымды жобалардың маңызды екенін атап өтіп, энергетиктердің жұмысына оң бағасын берді.