Әлемдегі 190 елдеріндегі Дүниежүзілік банктің аналитиктер тобы жыл сайын қолайлы жағдайда бизнестің жүргізілуіне зерттеу жүргізеді. Дүниежүзілік банктің сарапшылары кәсіпкерлердің реформалары нақты ел үкіметімен өткізілетін сауалдамада қатысушылардың пікірін салыстыру негізінде талдау өткізіледі. Осындай объективті талдау оның немесе басқа елдің инвестициялық тартымдылық экономикасын және бәсекелес дәрежесінің артықшылығын анықтауды мүмкіндік береді. Зерттеуде сондай-ақ, іскерлік ахуалының мұнан ары дамуының жолы, оларды еңсеру ұсыныстары, кәсіпкерлік дамуда кедергілерінің себептері көрсетіледі.

«DoingBusiness» Дүниежүзілік банктің рейтінгісінде, мемлекет басшысымен Қазақстан 30 елдің қатарына кіріуіне міндеттелді, еліміздегі бизнес-климатты жақсарту үшін, үкіметпен айтарлықтай көп жұмыстар жүргізілуде.

«Doing Business-2020» баяндамасына сәйкес, 28 орынннан 25-ке көтерілді. Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан өз көрсеткіштерін 3 тармаққа жақсартты. Сарапшылар Қазақстан мемлекетінің Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан елдерінен алға озып шығуын белгіледі.

Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Business - 2020» халықаралық рейтингі есебінің «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» индикаторы бойынша 67 орын алды (2018 жылы Қазақстан 76 орында болған).

Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығымен электрмен жабдықтау желілеріне қосылу процедурасын жеңілдету мақсатында келесі нормативтік құқықтік актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді:

  • «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары» ҚР ЭМ 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығымен бекітілген,
  • «Электр энергиясын пайдалану қағидалары» ҚР ЭМ 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген,
  • «Электрмен жабдықтау үлгілік шарттары» ҚР ЭМ 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығымен бекітілген.
  • Бұйрықпен келесі өзгертулер мен толықтырулар алдын ала қарастырылған:
  • тұтынушының электрмен жабдықтау келісім-шартына нақты қол қою қажеттілігін жою;
  • тұтынушыға (жеке және заңды тұлғалар) электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін «бір терезе» арқылы құжаттарды ұсыну мүмкіндігі;
  • электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін құжаттар санын азайту;
  • энергиямен жабдықтау ұйымын өзгерту жағдайларын жақсарту;
  • техникалық шарттарын алу мерзімдері мен құжаттарын қысқарту;
  • тұтынушының жобалық құжаттамасын энергия беруші ұйымдарымен келісу үшін норманы алып тастау;
  • тұтынушы мен энергия жабдықтаушы ұйымдар арасында төлем құжаттарының түбіртектерін тапсыратын қағаз құжат айналымының қысқаруы;
  • тұтынушы тұтыну шарттарын бұзған жағдайда қайта есептеу жағдайларын жақсарту (қайта есептеу өшірусіз жүзеге асырылады).

«Табиғи монополиялар туралы»  Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ ҚРЗ Заңының (әрі қарай - Заң) 11-тармағына сәйкес, табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш бес жұмыс күні ішінде қаралады, техникалық шарттарды алу мерзімі 14 күннен 5 жұмыс күніне қысқартылды. Техникалық шарттарды беру және қайта рәсімдеу үшін ақы алынбайды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі
№ 242«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68-бабына және Қазақстан Республикасының
2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V«Жол жүрісі туралы» Заңының 68-бабына өзгерістер енгізіліп, тұтынушыларға өз уақытын жұмсамау үшін, мердігерге асфальтталған жол бөлігімен қоса, құрылыс-монтаждау жұмыстарын басталу туралы  хабардар жолдауға рұқсат берілген.

Сонымен қатар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау бойынша органынан электр желісіне қосылуға рұқсат алу қажеттілігі жоқ.

«Қазақстан Республикасы

Энергетика Министрлігі

Атомдық  және энергетикалық

қадағалау мен бақылау комитетінің

Алматы қаласы бойынша

аумақтық департаменті» Мемлекеттік Мекемесі

басшысының орынбасары                                                  А.С. Укпенов