2020 жылдың 1 шілдесінде Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаев ауылында жасөспірім селфи – сурет түсірілімін жасау үшін, көшедегі электр бағанасына шыққан. Электр тоғы соғуының әсерінен, ол бағанадан жерге құлап, екі қолдың 1,2,3,4 дәрежелі электрлік күюін, жабық бас сүйек-ми жарақатын, мидың шайқалуы, беттің, дененің жұмсақ тіндерінің көптеген жаралары, төменгі еріннің және иектің тұсындағы жыртылған жаралар, екі білектің сүйектерінің сынуы, 1-2 дәрежелі травматикалық шок алған.

Электр энергиясы жарық, жылу және тұрмыстық техникалардың жұмыс істеуіне мүмкіндік бергенімен тұрғындардың электр тоғына түсуі кездесіп тұратын жағдай. Бірақ, өкінішке орай, электр тоғының қауіптілігін бәрі бірдей түсіне бермейді.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті» Мемлекеттік Мекемесі электр тоғының қауіптілігін еске сала отырып, электр желілері мен қосалқы станциялардың жанында асыр салып ойнауға, үзілген сымдардың қасына жақындауға, ақауы бар розеталарды, ажыратқыштарды және электр желісіне қосылған құралдарды пайдаланудың апатқа әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Электр тоғынан болатын апаттарды алдын алу үшін әр тұтынушы электр тоғының қауіпсіздігін білуі керек, өйткені оның иісі жоқ, дәмі жоқ, түсі жоқ, қолмен ұстап, көзбен көруге болмайды. Мектепте, үйде және көшеде электр қауіпсіздігін сақтау туралы келесі негізгі ережелерді білу және ұдайы орындау қажет:

• Электр сымдарының бағаналарына, электр сымдары жақын орналасқан автомобильдердің, үйлердің және ғимараттардың төбесіне көтерілуге, жарық шамдарын, оқшаулағыштарды сындыруға, батпырауықтарды сымның қасында ұшыруға, әуе желілерінің астында ойнауға, сондай-ақ трансформаторлық подстанциялардың ішіне немесе қоршауынан өтуге, кіреберістерде, подвалдарда, шатырларда орналасқан электр құрылғыларының есіктерін ашуға қатаң тыйым салынады.

• Адамдарға қауіп туралы ескерту үшін электр қондырғыларының сыртында келесі ескерту белгілері орналастырылады (немесе боялып жазылады):

«Жоғары кернеу өмірге қауіпті» - электр станциясының есіктерінде.

Панельдер, шкафтар мен жинақтардың есіктерінде «Кернеу - өмірге қауіпті».

Бұл плакаттарды назардан тыс қалдырмаңыз - олар сізге өмірге нақты қауіп туралы ескертеді! Есіңізде болсын, барлық бағандар мен электр қондырғыларында ескертулер болмауы мүмкін, бірақ олардың болмауы электр қондырғыларының кернеусіз екенін білдірмейді.

• Жерде жатқан электр желісінің үзілген сымын ұстау немесе 8 метрге дейін жақындау Сіздің өміріңізге қауіпті екенін білуіңіз керек.

Салбыраған немесе үзілген электр сымдарын байқасаңыз зақымдалған орынның қауіпті екенін қасыңыздағыларға ескертіп, 112 жедел желісіне электр желісіндегі байқалған зақым туралы дереу хабарлау керек.

• Зертханаларда, физикалық бөлмелерде және шеберханаларда жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.

• 220 В кернеуі бар тұрмыстық техника мен портативті шамдар тек тоқ өткізбейтін едендері бар (құрғақ ағаш) және жерге қосылған металл құбырлар мен конструкциялардан алыс орналасқан бөлмелерде пайдалануға арналғанын білуіңіз керек.

• Кір жуғыш машиналарды, радиоларды, магнитофондарды және басқа электр құрылғыларын ашық ауада қолданбаңыз жер электр тогының жақсы өткізгіші болып табылады және құрылғыда ақау болған жағдайда адам электр тоғына түсуі мүмкін.

• Киім кептіру үшін электр сымдарының барлық түрлерін және сымдарды қолдануға рұқсат етілмейді, кездейсоқ сымға кернеу берілуі мүмкін (мысалы, әуе желісінің ақауынан).

• Сымға ештеңе ілмеңіз, сымдарды боямаңыз және ақамаңыз, қағазбен немесе қабырға тұсқағаздарымен жапсырмаңыз, сымдарды шегелермен бекітпеңіз - бұл сымдардың оқшаулағышын зақымдап электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.

• Электр сымының оқшаулағышы зақымдалған болса, электр құралын пайдаланбаңыз.

• Қақпағы сынған сөндіргіштерді, розеткаларды, түймелерді пайдаланбаңыз.

• Кернеуі бар жағдайында кез-келген жұмыстарды жүргізуге қатаң тыйым салынады: шамдарды ауыстыру, қосқыштарды, розеткаларды, қоңырауларды, электр плиталарын, электр сымдарын және электр құрылғыларын жөндеуге болмайды.

• Электр қыздырғыштарын қараусыз қалдырмаңыз, оларды жанғыш заттарға, перделерге жақын қоймаңыз.

• Тоңазытқыштарды, кір жуғыш машиналарды, еден лампаларын, теледидарды желіден ажыратпай, орнын ауыстыру қауіпті.

Электр қуатын пайдалану кезінде абай болыңыз және қай жерде болсаңыз да, электр қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыз.

Электр тоғына түскен жағдайда дәрігердің көмегіне жүгіну керек.

Аяқ-қолдың құрысуының салдарынан кернеуге түскен адам кернеудегі тоқ өткізгіш бөліктерден өздігінен босай алмайды.

Электр тоғының әсерінен адамды тез босату үшін ең шұғыл шараларды қолдану қажет.

Ең алдымен ажыратқышты өшіріп, ашаны розеткадан шығарып, сақтандырғыштарды бұрап, сымды құрғақ ағаш сабы бар өткір затпен кесіп алу керек. Бұл шаралар мүмкін болмаған жағдайда, зардап шегушіні тоқ өткізгіштен тез ажырату үшін, киімі құрғақ болған жағдайда денесіне тимей киімінің шетінен жұлып алу қажет.

Бұл жағдайда қолды құрғақ матамен ораған дұрыс, шарф, күртеше т.с.с..

Зардап шегушіні босатқаннан кейін дереу дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақыру керек.

Өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз және айналадағылардың сақтық шараларын сақтауды талап етіңіз, сондай-ақ электр тоғынан зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету ережелерін білген дұрыс. Есіңізде болсын, тоқ көзінен зақымдануын алдын алуға болатын жарақаттарға жатады және оның салдары өте қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.