Энергетика - бұл менің өмірім!

Осы жылдың наурыз айында Шаталова Надежда Алексеевнаның «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да жұмыс істей бастағанына тура 25 жыл болады. Ол Первомайская №124 «А» қосалқы стансасында кезекші электр монтері болып жұмыс істейді.

Электр аспаптарына деген қызығушылығы, «Өмір кабелі туралы» оқиғадан алған әсерлері және математика мен физика саласындағы ерекше қабілеті Надежда Алексеевнаны осы мамандықты таңдауға түрткі болды.

Бүгінгі таңда ол қосалқы станса жабдықтарына тұрақты бақылау жүргізеді, электр жабдықтарының техникалық ақауларын уақтылы анықтаумен айналысады және диспетчерлік қызметтің өкімі бойынша қатаң түрде қосу және өшіру туралы бұйрықтарды орындап, оны жедел журналға енгізеді.

 «Әр адам өздері үшін кәдімгі игілік болып саналатын жарық пен жылудың артында энергетиктердің орасан зор, ауыр және қауіпті жұмысы тұрғандығын білуі керек. Маған жиі ауа-райының ауыр жағдайларында - қарда, бұршақта, қатты жаңбырда және қаты жел соққан кезде де, күндіз де, түнгі мезгілде де жұмыс істуге тура келеді. Бірақ, барлық қиындықтарға қарамастан, мен өз жұмысымды жақсы көремін және миллиондаған адамдардың өмірі электриктердің қолында деп санаймын және олардың мойнына ерекше жауапкершілік жүктелген. Надежда Алексеевна: «Егер электрик ұйықтап жатса, демек бәрі жақсы», - деген мәтел бар дейді.

Надежда Алексеевна жұмыс барысында ол жұмысты орындау дәлдігі, ұқыптылық, ұстамдылық, шыдамдылық, салмақтылық, дене шыдамдылығы, жақсы реакция және әрине оптимизм сияқты жақсы дағдыларды игергенін айтады.

 «Сонымен қатар, сізде техникалық ақыл-ой жүйесі, көру қабілеті жақсы болуы және жақсы дамыған шағын моториканың болуы қажет. Электроника туралы білім және мен үйренген барлық дағдылар, әсіресе дамыған технологиялар әлемінде және электр аспаптарын жиі қолдануда пайдалы», - деп бөлісті кейіпкеріміз.

Надежда Алексеевна - кез-келген кедергілер мен қиындықтардан қорықпайтын, өзін отбасында да, жұмыста да көрсете білетін қазіргі заманғы әйелдің эталоны болып табылады. Өндірістегі жоғары жетістіктері үшін ол бірнеше рет «АЖК» АҚ құрмет грамоталарымен марапатталған.

Бұл кәсіптің негізінен «ер адамдардікі» екенін ескерсек, ол сөзсіз өз саласының шебер мамандарының біріне айналды.

«Менің ойымша, мамандық таңдау оның пайдасы мен әлеуметтік маңыздылығына байланысты. Энергетик болу - абыройлы да жауапты міндет. Электрик мамандығы - бұл ең жарқын мамандық!», - дейді Надежда Алексеевна.

Надежда Алексеевна гүлдерді қатты жақсы көреді және өзінің барлық бос уақытында гүл өсірумен айналысады.

ddcddcd

swdwcswcds