«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) Электр энергиясын талдау және есепке алу тобының инженері (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытында) бос лауазымына қызметкер іздестіруде.
Қойылатын талаптар:
- Жоғары кәсіптік білімі болса, жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды, арнайы орта (техникалық) білімі болса, кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын;
Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесін (ТПЕ);
Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін (ПТБ);
Өрт қауіпсіздігі ережелерін (ӨҚЕ);
Электр қондырғыларын орнату қағидаларын (ЭҚОЕ);
Электр энергиясын пайдалану қағидаларын (ЭЭПҚ);
Коммуналдық қызмет көрсету қағидаларын (КҚКҚ);
Электр қондырғыларында пайдаланылатын қорғаныс құралдарын қолдану және сынау қағидаларын;
Кернеуі 1000 В-ға дейін және одан жоғары электр желілерін қорғау қағидаларын;
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің және Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүйесінің басқа да жоғары тұрған органдарының нұсқаулық материалдарын;
Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын;
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ережені;
Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру және есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты;
Энергия жүйелеріндегі электр энергиясын есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты;
Энергетикадағы жөндеу-пайдалану мұқтаждарына арналған материалдар шығысының үлгілік нормалары жөндеу қорының қаражатын нормалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;
Құрылыс нормалары мен ережелерін (ҚНжЕ);
Өнеркәсіптік санитария ережелерін.
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2020 жылдың 12 қарашасына дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз.