2024 жылдың 01 мамыры күні «АЖК» АҚ қызметкерлері арасында Волейбол турнирі өтті

Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ спорттық іс-шараға қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреді.

Волейбол турнирінде ерекше шеберлік танытып, табандылық пен жеңіске деген жігер танытқан жарыс жеңімпаздарын да құттықтаймыз!

Ерлер арасында:
1 орын –3-ЭТА;
2 орын –«Шығыс» командасы (ҰйғырЭТА және РайымбекЭТА);
3 орын –2-ЭТА;
4 орын - «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясы- Қосалқы станция басқармасы;
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша – 3-ЭТА электро монтері - Есқожа Дастан Құдайбергенұлы;
«Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша – Ұйғыр ЭТА электро монтері -Газиев Арманжан Камильджановичке берілді.

Әйелдер арасында:
1 орын –1-ЭТА;
2 орын –Управление;
3 орын –Телекоммуникация басқармасы;
4 орын - «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясы- 4-ЭТА;
«Үздік ойыншы» номинациясы бойынша – 1-ЭТА электро монтері - Радикқызы Амина;
«Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша – 1-ЭТА бақылаушысы - Махан Фатима Сабитқызына берілді.

Турнир жеңімпаздары мақтау қағаздарымен, кубоктармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Турнирдің барлық қатысушылары мен жанкүйерлеріне зор денсаулық, еңбекте табыс және отбасына амандық тілейміз.