Алматы облысында маңызды энергетикалық объект – «Қайназар» қосалқы станциясының (ҚС-35/10 кВ) құрылысы аяқталып, өндіріске енгізілді

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК» АҚ) Рахат ауылдық округінің әкімдігімен бірлесе отырып іске асырған жоба Еңбекшіқазақ ауданындағы, Қайназар және Азат ауылын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Өңірдегі қосалқы станциялардың жоғары, максималды жүктемесі электр жабдықтарының жиі апатты істен шығуына және тұтынушыларды, соның ішінде білім беру және денсаулық сақтау нысандарын электр қуатымен жабдықтаудағы үзілістерге алып келді. Ауданда электр қуатының тапшылығы байқалды. Сондай-ақ жоғарыда аталған желілерде электр энергиясының техникалық шығындары көбейген. Мәселенің маңыздылығын түсіне отырып, Алматы облысының басшылығы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі және «АЖК» АҚ жаңа қосалқы станция салу туралы шешім қабылдады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жобасы аясында, Қайназар қосалқы станциясын салуда «Smart City» және «Индустрия 4.0» тех­нологиялары қолданылып, әлемдік жетекші өндірушілердің өздігінен жұмыс атқаратын жоғары вольтты жабдықтары, жұмысшылардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық құрылғыларға негізделген қорғанысы бар вакуумдық ажыратқыштары да орнатылған, яғни станция автономды жұмыс істеп, қашықтан басқарылатын болады. «Қайназар» қосалқы станциясы бір трансформаторлы, ашық типті етіп салынды болашақта екінші трансформаторды орнату жоспарға еңгізілген. Салынған энергетикалық нысан стратегиялық және экологиялық қауіпсіздіктің барлық заманауи талаптарына жауап береді. «Қайназар» қосалқы станциясының құрылысы «АЖК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикалық холдингінің құрылымындағы компанияның қаражаты есебінен жүзеге асырылды, жобаның құны 50 миллион теңгеден асты.

Компания сарапшыларының айтуынша, Алматы энергожүйесін дамыту белгіленген қарқынмен жүріп жатыр. Инвестициялық бағдарламаға сәйкес қолданыстағы электр желілерін жаңғырту және жаңа электр желілерін салу, сондай-ақ ескірген жабдықты ауыстыра отырып, қолда бар трансформаторлық қосалқы станцияларды реконструкциялау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылады. Осы жобаларды іске асыру желілердің өткізу қабілетін арттыруға, электр энергиясын беру кезіндегі техникалық шығындарды азайтуға, сондай-ақ жаңа тұтынушылардың қосылуын қамтамасыз етуге және желідегі кернеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.