Тарифтер

Құрметті тұтынушылар!
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 24б) тұтынушыларға және өзге мүдделі тұлғаларға 2016 ж. 14 наурызда сағат 15.00-де «АЖК» АҚ-ның электр энергиясын жеткізу және бөлу қызметтерінің 2015 жылғы әрекеттері бойынша жыл сайынғы тыңдалымдарының өтетінін хабарлайды.
Место проведения: г.Алматы, ул.Розыбакиева, 6 (актовый зал).
Өткізу орны: Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 6 (акт залы).

«АЖК» АҚ тарифінің өзгеруі туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ Бұйрығының 3б. 27т. сәйкес, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «АЖК» АҚ), Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департаменттерінің 2016 жылғы 26 шілдедегі №200-НҚ Бірлескен бұйрығымен, төтенше реттеу шаралары ретінде электр энергиясын бөлу және жеткізу бойынша «АЖК» АҚ-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейі бекітілгенін хабарлайды.
Жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес, реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф деңгейі келесіні құрайды (2017 жылға 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілумен):
• 2017 жылға 5,83 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
• 2018 жылға 6,04 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
• 2019 жылға 6,23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
• 2020 жылға 5,95 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).