Тарифтер

«АЖК» АҚ тарифінің өзгеруі туралы
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «АЖК» АҚ) хабарлайды – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Департаменттерінің 2016 жылғы 26 шілдедегі Алматы қаласы бойынша №127-ОД және Алматы облысы бойынша №200-ОД бекітілген бұйрықтары шеңберінде 2018 жылғы «АЖК» АҚ реттелген қызметі тарифінің шектік деңгейі (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) ҚҚС қоспағанда 6,04 теңге/кВтч құрайды.

Құрметті тұтынушылар!
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 24б) реттелетін қызметтердің (электр энергияны бөлу және жеткізу) 2016 жылғы әрекеттері бойынша тұтынушылардың және өзге мүдделі тұлғалардың алдында жыл сайынғы есебі 2017ж. 10 наурызы сағат 16.30-да өтетінін хабарлайды. Өтетін орны: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 6 (акті залы).
"Егемен Қазақстан" газетінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №31(29012 ) санында, "Казахстанская правда" газетінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №31 (28410) санында жарияланды.