«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы («АЖК» АҚ) Экономика басқармасының тариф жасау бөлімінің бас маманы бос лауазымына қызметкер іздестіруде.

1) Болуы керек:

- жоғары (қаржылық, экономикалық) білімі;

- еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

.Функционалдық міндеттері:

1) тариф жасау саласындағы менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жоспарларды, бағдарламаларды орындауға қатысу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына тариф жасау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;

3) есептеулерді, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің тарифтер мен тарифтік сметалардың шекті деңгейінің жобаларына негіз болатын құжаттарды тексеру;

4) бекітілген тарифтік сметаны орындау бойынша есептерді жасау және уәкілетті органға жіберу;

5) НҚА-да көзделген есептерді жасау және уәкілетті органға жіберу;

6) «АЖК» АҚ-ның реттелетін және реттелмейтін қызмет түрлері бойынша кірістердің, шығыстардың және қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу;

7) тарифтер мен тарифтік сметалардың шекті деңгейін бекіту (түзету) шеңберінде уәкілетті органда келісу үшін ақпарат жіберген кезде есептер жүргізу, материалдар қалыптастыру;

8) тарифтер мен тарифтік сметалардың шекті деңгейін бекіту кезінде Қоғамның жыл сайынғы есебінің жария тыңдамаларын  және жария тыңдаулар үшін материалдар дайындау;

9) бөлімнің құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшелердің, жоғары тұрған ұйымдардың, мемлекеттік органдардың хаттары, өтініштері, сұрау салулары бойынша түсіндірулерді, есептерді және басқа да қажетті ақпаратты қарау және дайындау;

10) тариф жасау саласында қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беру;

11) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім бастығының, экономика басқармасы бастығының және оның орынбасарының басқа да тапсырмаларын орындау.

Барлық қызметкерлерге көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда 2021 жылдың 23 сәуіріне дейін 307 кабинетке АРБ-ға белгіленген үлгідегі түйіндемені ұсынуды сұраймыз.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ