«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытында Корпоративтік қаржыландыру басқармасының қазынашылық бөлімінің бас маманы бос лауазымына қызметкер іздестіруде.

Негізгі талаптар:

1) болуы керек:

- жоғары (қаржылық, экономикалық) білімі;

- жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

Функционалдық міндеттері:

1) екінші деңгейдегі банктермен жұмыс;

2) жасалған шарттармен жұмыс;

3) төлеуге берілетін шоттармен жұмыс;

4) жетекшілік ететін қызмет бойынша ұйымдастырушылық және нормативтік құжаттарды әзірлеуге және енгізуге қатысу;

5) дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс жөніндегі комитеттің жұмысын ұйымдастыру (комитет хатшысы);

6) жыл сайынғы бюджеттің ажырамас бөлігі болып табылатын "АЖК" АҚ кассалық бюджетін қалыптастыру, сондай-ақ оның кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуын бақылау және мониторингілеу;

7) ай сайынғы және тоқсан сайынғы негізде кассалық бюджет шеңберінде ақша ағындарының болжамын жасау және оларды тиісті ағымдағы түзету;

8) бөлім басшысының тапсырмасы бойынша құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

9) халықаралық стандарттарға сәйкес келетін біріктірілген менеджмент жүйесінің (БМЖ) талаптарын орындау;

10) "Басқарма" басшылығының тапсырмаларын орындау;

11) "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюроға кредиттік тарих бойынша (мерзімі өткен дебиторлық берешек туралы) ақпаратты  жасау және ұсыну.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін 307-кабинет АРБ-ға белгіленген үлгідегі түйіндемені ұсынуларын сұраймыз.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ