«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы («АЖК» АҚ) Адам ресурстары басқармасының  персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы бос лауазымына қызметкер іздестіруде.

Негізгі талаптар:

1) Болуы керек:

∙ жоғары білімі;

∙ HR немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларында (магистр дәрежесі немесе МВА немесе басқа да бағдарламалар) халықаралық сертификаты.

∙ жалпы еңбек өтілі  5 жылдан кем емес;

∙ HR саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

∙ басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл.

2) Білуі керек:

∙ Адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелерді білуі;

∙ Компанияның қызметін регламенттейтін ҚР, өңірлік және жергілікті билік және басқару органдарының  нормативтік құқықтық актілерін білуі;

∙ ҚР Еңбек заңнамасын білуі;

∙ корпоративтік басқару негіздерін білуі;

3) Құзыреттер

Функционалдық:

∙ деректерді талдауды басқару құралдарын меңгеруі;

∙ HR процестерін автоматтандыру/цифрландыру тәсілдерін/құралдарын меңгеруі (ERP/BI/ BW класты Ақпараттық жүйелер мен құралдарды енгізу);

∙ операциялық тиімділік негіздерін түсіну.

Жеке басына қатысты:

∙ этикалық мінез-құлық –  эталондық этикалық мінез-құлықты көрсетеді, соның арқасында сенім тудырады, шешім қабылдау кезінде этикалық нормалар мен қағидаттарды үнемі ұстанады;

∙ кәсіби батылдық және ықпал ету – өз көзқарасын батыл білдіреді және мәселелердің оң шешімін қабылдауға  әсер етеді;

∙ адамдарды бағалай білу қабілеті - адамдар пікір алу мүмкіндігіне, адамдардың дамуы мен әл-ауқатына ықпал ететін ортақ құндылықтармен бөлісетін ортаны қалыптастырады;

∙ жұмыста ашықтықты қамтамасыз ету - оң нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тиімді және ашық жұмыс және кедергілерсіз өзара іс-қимыл;

∙ дамуға ынталандыру – білімқұмар және білімді дамыту, жетілдіру және жаңарту үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланады;

∙ мәселенің мәнін түсінуге көңіл бөлу – мәселенің мәнін түсіну және оны шешудің ең жақсы тәсілі мақсатында "дұрыс" сұрақтар қояды және қажетті фактілерді бағалайды;

∙ ситуациялық тәсіл – жағдаят немесе мәселе мән-мәтініне сүйене отырып, тиімді және прагматикалық шешім қабылдай алады немесе әрбір нақты жағдайда таңдау жасай алады.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2021 жылдың 25 наурызына дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ