«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыста және бала күтімі бойынша одан әрі демалыста болатын кезінде Қалалық бөлу тораптары басқармасы Жедел-диспетчерлік қызметінің жетекші инженері бос лауазымына қызметкер іздестіруде.
Қойылатын талаптар:
- жоғары кәсіби білімі және 1 жыл жұмыс өтілі;
- электр қауіпсіздігі бойынша үшінші біліктілік тобы,
- 6-10 кВ электр желілерінің жұмыс режимін әзірлеу дағдылары,
- Word, Excel бағдарламаларын еркін меңгеруі тиіс;
2) ЖДҚ жетекші инженері лауазымына қажетті төмендегілер бойынша білімі болуы керек:
- Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелері (ТПЕ);
- Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері (ҚТЕ);
- Электр қондырғыларын орнату ережелері (ЭҚОЕ);
- Энергетикалық жабдықтарға қызмет көрсету кезіндегі жазатайым оқиғаларға байланысты зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;
- Энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі ережелері (ӨҚЕ);
- БП, ТҚС негізгі жабдықтарының сипаттамалары, 6-10 кВ электр тораптарының коммутация схемасы, релелік қорғаныстардың, 6-10 кВ желілердегі автоматика құрылғыларының жұмыс принципі;
Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2021 жылдың 16 наурызына дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.,