«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы («АЖК» АҚ) Облыстық электр тораптары басқармасының  Іле ЭТА электр энергиясын талдау және есепке алу тобының инженері бос лауазымына қызметкер іздейді.

Қойылатын талаптар:

- жоғары кәсіптік білімі болса, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, орта арнайы (техникалық) білімі болса,  жұмыс өтілі  кемінде 2 жыл болуы, электр қауіпсіздігі бойынша тобы  кемінде - 3, ЕА және өлшеу аспаптарының схемаларымен  жұмыс істеу дағдысы болуы тиіс.

Білуге тиіс:

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын;

- ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің директивтік материалдарын;

- Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін (ТПЕ);

- Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін (ҚТЕ);

- Өрт қауіпсіздігі ережелерін (ӨҚЕ);

- Электр қондырғыларын орнату ережелерін (ЭҚОЕ);

- Электр энергиясын пайдалану қағидаларын (ЭЭПҚ);

- Коммуналдық қызмет көрсету қағидаларын (КҚКҚ);

- Электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын қолдану және сынау ережелерін;

- Кернеуі 1000 В-ға дейінгі және одан жоғары электр желілерін қорғау ережесін;

- Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің және Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жүйесінің басқа да жоғары тұрған органдарының нұсқаулық материалдарын;

- Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2021 жылдың 24 ақпанына дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ