Перспективалық дамыту басқармасының инвестициялар бөлімінің жетекші маманы бос лауазымға орналасуға, жоқ қызметкерді (бала күтімі бойынша демалыста жүрген) алмастыруға АРБ конкурс жариялайды.

Талаптар:

1) жоғары кәсіби білімі және жұмыс өтілі 1 жыл, жұмыс қабілеттілігі, жоғары жұмыс жылдамдығы, нәтижеге қол жеткізу жауапкершілігі болуы тиіс.

Функционалдық міндеттері:

1) бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін, бизнес-жоспарларды, қаржы-экономикалық модельдерді әзірлеуге қатысады;

2) инвестициялық бағдарламаның жобасын жасау кезінде құрылымдық бөлімшелерден материалдарды негіздейтін ақпарат жинауды жүзеге асырады;

3) қаржы институтының немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаның экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға экономикалық сараптама жүргізу кезеңінде ақпарат жинауды және ұсынуды жүзеге асырады;

4) қаржыландыру мақұлданғаннан кейін талаптарға сәйкес барлық қажетті рәсімдерден өтуге қатысады;

5) "АЖК" АҚ инвестициялық қызметіне қатысты шарттардың, конкурстық құжаттаманың, сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдердің, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу паспорттарының жобаларын олардың бекітілген Инвестициялық бюджетке сәйкестігі тұрғысынан қарайды және келіседі;

6) "МСЖ" және "Бюджет" деректер базасы бойынша инвестициялық бюджетті бақылау мен талдауды орындайды;

7) "АЖК" АҚ-ның «Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық жоспарына толықтырулар және/немесе өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтары негізінде "МСЖ" деректер базасына өзгерістер енгізеді;

8) инвестициялық бағдарламалар іс-шараларының орындалуына қатысты ақпаратты енгізе отырып, ақпараттық базаны жүргізуді жүзеге асырады;

9) "АЖК" АҚ теңгеріміне өтеусіз қабылданатын НҚ-ны қабылдаудың экономикалық орындылығына талдау жүргізеді;

10) "АЖК" АҚ жобаларының меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру көздерін айқындау үшін амортизациялық аударымдардың есебін жүргізеді;

11) "Самұрық-Энерго" АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының инвестициялық жобаларын бағалау, іске асыру және мониторингілеу регламентіне сәйкес, сондай-ақ "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ инвестициялық саясатына сәйкес инвестициялық меморандумды әзірлеуге қатысады;

12) ИБ құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшелердің, жоғары тұрған ұйымдардың, мемлекеттік органдардың хаттары, өтініштері, сұрау салулары бойынша түсіндірулерді, есептерді және өзге де қажетті ақпаратты қарайды және дайындайды;

13) инвестициялар басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "АЖК" АҚ ішкі қызметін реттейтін қағидаларды, ережелерді, рәсімдерді және басқа құжаттарды әзірлеуге қатысады;

14) инвестициялардың тиімділігін есептеудің қолданыстағы әдістемелерін қолдану тиімділігіне талдау жүргізеді, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

15) ИБ ісқағаздарын жүргізуді жүзеге асырады;

16) біріктірілген менеджмент жүйесі (бұдан әрі – БМЖ) стандарттарының шеңберінде "АЖК" АҚ Саясатын, мақсаттарын, жоспарларын, бағдарламаларын іске асыруға қатысады;

17) "АЖК" АҚ құжаттама талаптарын орындайды, "АЖК"АҚ сапа менеджменті жүйесі, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау саласындағы БМЖ-ны басшылықа алады.

18) ИБ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ИБ бастығының, перспективалық дамыту басқармасы бастығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

19) БМЖ талаптары бар стандарттарды сақтайды.

Барлық ниет білдірушілер, көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 16.02.2021 ж. дейін 307-каб. АРБ-ға әкелуді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3750398 3754

Құрметпен,

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ АРБ бас маманы

Тоқтарова Найля Жақсыбекқызы

Тел. 376-18-76 (ішкі тел.38-76)

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ