Облыстық электр тораптары басқармасы/Іле ЭТА/Өндірістік-техникалық топтың басшысы бос лауазымға орналасуға АРБ конкурс жариялайды.

Қойылатын талаптар:

жоғары білімі және жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе орта кәсіптік (техникалық) білімі және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Электр тораптарының электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру бойынша жұмыс дағдысы болуы тиіс. Функционалдық міндеттері:

1) Іле ЭТА тораптық учаскелерінің электр жабдықтарында жөндеу-пайдалану жұмыстарының жоспар-кестелерінің жобаларын жасауға жауап береді, олардың орындалуын бақылайды;

2) Электр тораптық учаскелердің шеберлерімен бірлесіп, жөндеуге жоспарланған жабдықты тексеру бойынша жұмыстарды жүргізеді, жабдықтың ақаулық актілерінің жасалуын және жөндеу жүргізуге қажетті материалдардың көлемін бақылайды.

3) Электр техникалық жабдықтар бойынша өкімдер, нұсқаулар және басқа өкімдік құжаттама жобаларының жасалуын бақылайды;

4) тұтыну электр қондырғыларын электрмен жабдықтауға арналған техникалық шарттар мен ұсынымдардың жобаларын жасайды;

5) Іле ЭТА құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен техникалық құжаттаманың көлемі және жүргізу қағидалары және персоналмен жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялар жүргізеді;

6) электр тораптары мен қосалқы станциялар жұмысының сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге жауап береді;

7) жабдықтың авариялық ажыратылуын тексеру кезінде комиссияға қатысады;

8) шаруашылық және мердігерлік тәсілмен жүргізілген жөндеулерден жабдықты, сондай-ақ пайдалануға берілетін жаңа жабдықты қабылдау кезінде комиссияға қатысады;

9) өзінің көлігіне, жеке және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын электр энергиясының шығынын азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

10) "Энергетикалық өндіріс кәсіпорындары мен мекемелерінде персоналмен жұмысты ұйымдастыру қағидаларына" сәйкес персоналмен жұмыс істеу іс-шараларын, жоспарларын, кестелерін әзірлейді;

11) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

12) өндірістік үй-жайлардың, жабдықтардың және ІЭТА-ның басқа да объектілерінің өрт қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

13) экологиялық менеджмент жүйесі бойынша ISO 14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін БМЖ бойынша құжаттаманы жүргізуге жауапты болып табылады.

Барлық ниет білдірушілер, көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 17.02.2021 ж.дейін 307-каб. АРБ-ға әкелуді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 376-18-76, ішкі тел. 38-76

Құрметпен,

«Алатау Жарық Компаниясы»  АҚ

АРБ бас маманы

Тоқтарова Найля Жақсыбекқызы

Тел. 376-18-76 (вн.38-76)

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ