Сенімділікті бақылау және еңбек қорғау басқармасының еңбек қорғау жөніндегі инженері

«Алатау Жарық Компаниясы»  акционерлік қоғамы ("АЖК" АҚ) бос лауазымдарға орналасуға қызметкерлер  іздестіруде:

Сенімділікті бақылау және еңбек қорғау басқармасының еңбек қорғау жөніндегі инженері.

1) талаптар:

- жоғары кәсіби білімі болса еңбек өтіліне талап қойылмайды, орта арнайы (техникалық) білімі болса электр тораптарындағы еңбек өтілі кемінде 2 жыл;

- дербес  компьютермен (MS Office, Internet) және  орг-техникамен жұмыс дағдылары, электронды ісқағаздар жүргізу және табель жүргізу дағдылары болуы керек.

2) білуі тиіс:

- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін;

- Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін (ҚТЕ);

- Электр қондырғыларды орнату қағидаларын (ЭҚОҚ);

- Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін (ТПЕ);

- Энергетика кәсіпорындарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін (ӨҚЕ);

- Энергетикалық ұйымдарда персоналмен жұмыс істеу қағидаларын;

- Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін;

- Электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын қолдану және сынау қағидаларын;

- Энергетикалық жабдыққа қызмет көрсету кезіндегі жазатайым оқиғаларға байланысты зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты;

- ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 Халықаралық стандарттарын.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2020 жылдың 27 қарашасына дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

СКАЧАТЬ ФОРМУ РЕЗЮМЕ